Дильназ Ахмадиева

Дильнах Ахмадиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Х-Фактор жобасында қазылар алқасының орнын үшінші рет басқарып отыр. Өзінің нәзіктілігіне қарамастан халықтың көзайымына айналған суйікті жобаның өткен маусымдарында өз саласында аса жоғары кәсіби маман екенін көрсетті. Алғаш рет Дильназ Х-Фактор жобасының төртінші маусымында Нағима Есқалиева және Александр Шевченкомен өз міндеттерін бөлісті. Бірақ әнші аділқазы міндетін қалдыруға мәжбүр болды. Бұл кезеңде ол өз қамқорлығына алған қатысушыларды міндетті турде жобаның ең соңына дейін жеткізуге бел салды. Дильназ Ахмадиева әртістер әулетінен шыққан. Мемлекеттік ұйғыр театрының әншісі болды және де Руслан Тохтахунов, Гульвира Илахунова, Аділ Жамбакиев деген продюсерлермен жұмыс істеді. «Москва, я люблю тебя», «Кочевники» бейнебаяндарында ойнады. Әділқазы алқасы ретінде бұл жобада ол өзін тым сенімді сезінеді. Нағима Есқалиева қатысушылардың қазақ әндерін орындауын қаласа Дильназ шет тілі әндерінің дұрыс орындалуымен айтылуына аса мән береді өйткені оның ағылшын тілі аудармашы деген дипломы бар.