Нағима Есқалиева

Нағима Есқалиева Қазақстанның халық әртісі, «Х-Фактор» жобасының бас әділқазысы болғаны жетінші рет. Осы жобаның орынымен күлдіретін сөз тапқыр жан. Өз ұжымымен неше рет жеңістерге жетті. Осы жобада Андрей Тихонов, Қайрат Қапан, Евгений Выблов Нағиманың дұрыс,әділетті таңдауының арқасында жеңіске жетті. Вокал аумағында көптеген жүлделердің иегері,Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, бала күнінен өнер сахнасы туралы армандаған. Ән қоржынында қазақ халық әндері,кеңес одағы және заманауи композиторлардың әндері бар. Х-Фактор жобасында Нағима осы ән саласына көп көңіл бөледі. Нағима бүл жобада вокалдық дайындықпен қатар актерлік шеберлікке де аса мән береді. Өйткені ол тек әнші емес және де актриса. Халық әртісі Нағима киноға өткен ғасырдың 80-ші жылдарында түсе бастады. Нағиманы мына бейнебаяндардан көре аласыздар: «Родные степи», «Искупи свою вину», Сладкий вкус внутри травы», «Суперзвезда Казахстана», және де «Кайрат-Чемпион или девственник #1». Нағима Есқалиева ашық, жоғады диапазонды дауыс иесі. Жоба қатысушылары оны жаксы көреді де сонымен қатар қорқады да. Бірақ әр бір қатысушы халық әртісінің ыстық ықыласын үмітпен күтеді.