Нұрберген Махамбетов

Нұрберген Махамбетов өз санатындағы қатысушыларды осы маусымда жеңіске үшінші рет жетелейді. Дильназ Ахмадиева жобадан кетуге мәжбүр болғандықтан кейін Нұрберген сол кезде алғаш рет ол өз қамқорлығына финалисттерді қабылдады. Алтыншы маусымда Х-Фактор жобасында Шымкент қаласының қатысушысы Астана Қарғабай жеңіске жетті. Нұрберген Махамбетов Алматылық клуб мәдениетінің өкіл әкесі. Музыкалық эксперт және продюсер. “Shahar”, “Energy Fm”, “Ne.fm” радистанцияларының басқарушысы және бір неше диджейлер ұрпағын тәрбиеледі. Ол өте талғампаз ән әлемінің энциклопедиясы,заманауи мәдениеттің өкілі,жан тәніммен ән әуеніне берілген өйткені ән мен әуен оның өмірімнің мәні,жұмысы. Х-Фактордың жаңа жетінші маусымында өз қарсыластары Нағима мен Дильназды асып өтуге үміттенеді. Оның музыка әлеміндегі терең білімі және жастардың жанын түсініп не қалайтындарын сезініп озінің санатындағы қатысушыларды жеңіске жетелейді.