Дильназ үш финалистті таңдады! Ал Нағима мен Нұрберген кімді таңдайды екен?

Дильназ Ахмадиеваның санатының ең үздік үштігі анықталды! Осындай тағдыршешті шешім қабылдау оңай болмады. Кіші санаттың тәлімгеріне шешім қабылдауға Қазақстанның үздік продюсерлерінің бірі – Баян Алагузова көмекке келді.

Бес қатысушының ішінен үздік үштікті таңдау - оңай іс емес, сондықтан Дильназ байқауда тек қатысушылардың өнерлігіне ғана назар аударған жоқ. Дільнұра, Наргиз немесе Зарина? Кім күшті? Еламан немесе Әділхан? Кім мықты болды? Олардың қайсысы тікелей эфирлердің кернеуін жеңеді, ал кімнің қолынан бұл келмейді?

Еламан Аяғанов, Дільнұра Біржанова және Әділхан Макин – бұл Дильназ Ахмадиеваның командасының финалисттері.

Жоба төрешілерінің айтуынша, кіші санат басқа қатысушыларға үлкен бәсекелестік танытады. Енді Нағима Есқалиева мен Нұрберген Махамбетовтың алдында күрделі шешім түр. Кімді олар уйіне қайтарады, ал кімді финалға өткізетіні, әлі сұрақ астында.

Бұл күрделі шешім және тәлімгерлер үшін үлкен жауапкершілік. Байқауға қатысушылардың тағдыры өз тәлімгеріне, сондай-ақ шақырылған қонаққа әсер ете алатынына байланысты.

Нағима Есқалиева өзінің ұлы Диас Аблаевқа кеңесші рөлін сеніп тапсырды. Нұрберген Махамбетовке танымал әнші, тележүргізуші және актриса – Аша матай көмектеседі! Оны бүкіл Қазақстан сүйеді және жеке өмірін миллиондаған адам бақылайды. Аша Нұрбергенге осы қиын іспен күресуге қалай көмектеседі және кімнің аттары елдің бас сахнасынан естілетінін сіз сенбі күні бірінші Еуразия арнасынан көре аласыз.