Жобаның ең басты түйткілдері ашылады!

"Х-фактор" жобасының жетінші маусымының басты ерекшелігі жақын арада ашылады!

Қазылар алқасының әрбір мүшесі жеңіске қандай санатты жеткізетінін белгілі болады. Нұрберген Махамбетов жобаның басынан бастап "кіші" санатын өз қолына алуды армандады. Естеріңізге сала кетейік, қазылар алқасындағы жалғыз ер адам жобаның продюсерлерін WhatsApp желісі арқылы осы өтінішпен талай мазалады. 
Оның арманы орындала ма және оған продюсерлер не жауап береді? Өйткені кіші санатын алу тек Нұрбергеннің мақсаты емес. Нағима Есқалиева мен Дильназ Ахмадиева да кіші санатты басқарып олармен бірге жеңімпаз болуды армандайды.