Басты романтик жобадан кетті!

Алтыншы финалдық концерт қатысушылар мен төрешілер үшін ғана емес, сонымен қатар барлық телекөрермендер үшін де өте әсерлі болды! Бұл жолы «қауыпты аймақ» болған жоқ және тәлімгерлердің қатысушыларды құтқарып қалатын мүмкіндігі болған жоқ. Жарқын шоудың тақырыбы да жарқын болды - «АББА мания». Бұл концертте әрбір финалист швед музыкалық ұжымының екі әнін орындап шықты. «In coro» тобы бірінші рет «Gimme, gimme, gimme» хитын шырқады, ал екінші рет «Lay all your Love me» өлеңін айтты. Жансұлтан Жұмағалиев «Dancing Queen» және «The winner takes it all» деген композицияларын орындап шықты. Ділнура Біржанова көрермендер үшін «Mamma mia» әнін және стюардесса бейнесінде, орыс тілінде «Sos» өлеңін дайындады. Еламан Аяғанов көрермендерді «I do, I do, I do» және «Super Trouper» әндерімен қуантты. Әрбір финалист X-factor сахнасында өзін 100%-ға көрсетуге тырысты, себебі олардың үздік үштікке кіріп гранд-финалға дейін жетуге ең соңғы мүмкіндігі болды. Бірақ жобаның жүргізушісі Данияр Джумадилов сахнаға шығып дауыс беру нәтижелерін жария еткенде, жарқын шоудың соңы келді. Ең бірінші атанған ат Еламан Аяғановтың аты болды. Бесінші концертте бұл қатысушы қауыпты аймаққа түскеннен кейін үздік үштікте қалатынын мүлдем күткен жоқ. Келесі «In coro» тобы атанды. Мақсат, Алішер, Еркебұлан және Аділ гранд-финалға бір қадамға жақындады. Ділнұра Біржанованың аты ең соңында атанды. Оған қарамастан жобадағы жалғыз қыз басты жүлде - 7 000 000 теңге үшін кұресті әрі қарай жалғастыра алады. Алтыншы концертте жобадан «ұлкендер» санатынын жалғыз қатысушысы Жансұлтан Жұмағалиев кетті. Көрермендердің осындай шешімі Жансұлтанның тәлімгері Нұрберген Махамбетов үшін өте үлкен соққы болды. Нұрберген Жансұлтанның тамаша вокалдық мәліметтеріне ғана емес, сонымен қатар, ол Шымкент қаласынан келгеніне үлкен үміт салды. Алайда, бұл нәтиже күтуден асқан жоқ. "Үлкендер" санаты жарыстан шықты. "In coro" тобы, Еламан Аяғанов және Дильнұра Біржанова бірінші орын үшін күресті жалғастыруда. Келесі, жетінші концертте олар тағы да екі әнді орындайды – қалалық романстар мен хип-хоп. Кім өз тапсырмасын жақсы орындайтынын жақында білеміз. Ал әзірге суйікті қатысушыңызды қолдап, әр сенбі сайын 3075 нөміріне смс хабарлама жіберіңіз. Еламан Аяғанов - 2 In coro - 5 Ділнұра Біржанова – 7