Тікелей эфирде алғашқы концерт! Көрермендердің алғашқы шешімі!

Тікелей эфирде алғашқы концерт! Көрермендердің алғашқы шешімі!

Х-фактор жобасының 9 финалисті бас жүлде үшін күреске дайын. Олардың әрқайсысы бала кезінен ең сүйікті сахнаға шығып, оларға танымалдық әкелетін ән шырқайтынын армандады!

Тікелей эфирдегі концерттер кезеңінде қатысушылардың тағдырын тек көрермендер шешетін болады. Тәлімгерлер дауыс беруге ешқандай әсер ете алмайды. Әр қатысушыға нөмір бекітілді. Ол санды концерт кезінде 3075 қысқа нөміріне жіберу керек.

Вкураже 1
Еламан Аяғанов 2

Адільхан Макин 4

In Coro 5

Жансұлтан Жұмағалиев 6

Дільнура Біржанова 7

Ерлан Байбазаров 8

Twice 9

Көрермен дауыс беру қорытындысы бойынша ең аз дауыс жинаған екі финалист "қауіпті аймаққа" жіберіледі. Олар" құтқару әнін" орындау керек. Дәл осы кезде тәлімгерлерлер соңғы шешім қабылдайды.
Алда 8 финалдық концерт бар. Әр концерттің тақырыбы финалисттерге жаңа жағынан ашылуға мүмкіндік береді.
Бірінші концерттің тақырыбы - "Әлемдік хит". Тәлімгерлер мен қатысушылар өмірдегі ең басты оқиғаға жауапкершілікпен дайындалды. Көрермен дауыс беру қорытындысы бойынша бір қатысушыға жобадан кетуге тура келеді.
Жарық, дыбыс, көз жасы, қуаныш, қол шапалақтар, жағымды сөздер, музыка - осының барлығы бірінші финалдық концертте болды.
Бірақ көрермендер дауыс берді. "Қауіпті аймаққа" ең аз дауыс жинаған екі қатысушы - Айнұр Әбдиева мен Әділхан Макин кірді.
Қаншалықты қиын болса да, қазылар алқасы шешім қабылдады - жобадан Айнұр Әбдиева кетті.