Екінші концерттің қорытындысы!

Екінші финалдық концерт тек залдағы көрермендерді ғана емес және барлық қазақстандықтарды көрнеуде ұстады. Бұл жолы қатысушылар Қазақстан эстрадасының хит әндерін орындауға дайындалды. "Қазақстан Forever" тақырыбы қазақ тіліндегі хиттерге арналды. Финалистер көрермендерді ғана емес, тәлімгерлерді де таң қалдырды!

Мысалы, Дильназ Ахмадиева "In coro" тобын ерекше атап өтті. Балалар "Орда" тобының "Ғашықсың ба" деген хитін жаңа орындауымен таң қалдырды. Олар өз стилін толығымен өзгертті және би қосты. Осындай қойылымды "In coro" тобынан ешкім күткен жоқ! Дильназдың айтуынша, бұл композиция жігіттерге жақсы жарасты.

Еламан Аяғанов өзінің әнін Нағима Есқалиеваға арнады. Бірінші кезеңнен бастап халық әртісі Еламанға күмән келтірді, өйткені ол тек ағылшын тілінде ән айта алады деп есептеді. Финалға шыққан соң, Нағима ол туралы пікірін толығымен өзгертті.

Жансұлтан Жұмағалиев Сәкен Майғазиевтің "Қаладым" деген әнімен көрермендердің жүрегін жаулап алды. "Twice" дуэты "Ayumi " тобының "Hey-La" деген хитін орындады. Ал Ерлан Байбазаров "Дударай" халық әнін шырқады.

Концертті "Вкураже" дуэты Серік Ибрағимовтың "Әсем ән" хитімен аяқтады.

Алайда, барлығын көрермендердің дауыс беруі шешті. Бұл жолы халық "Қазақстан Forever" концертінде "Вкураже" тобы мен Ерлан Байбазаров тапсырманы орындай алмады деп шешті.

Екі финалистта Қазақстан эстрадасының ең хит әндерін орындады, бірақ көрермендердің дауыстарын ала алмады. Қазылар алқасына шешімді қайта қабылдауға тура келді. Нағима Есқалиева "Вкураже" тобына дауыс берді, ал Нұрберген Махамбетов өзінің қатысушысы Ерлан Байбазаровты қолдады.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші тікелей эфирде Нұрберген өзінің финалистерінің бірін - Айнұр Әбдиеваны жоғалтып алды. Екінші концертте де Нұрбергенің санаты "қауіпті аймаққа" түсті.

Нәтижесінде Дильназ Ахмадиева "Вкураже" тобын қалдырды. Ал Ерлан Байбазаров жобадан кетті.

Енді тек жеті ғана қатысушы қалды! Әр сенбі сайын, әр қорытынды концерттен кейін бір адам үйіне қайтады.

Үшінші финалдық концерттің тақырыбы "кинохит". Сүйікті финалистті қолдау үшін 3075 нөміріне қатысушының санын смс арқылы жіберіңіз! Әр дауыс маңызды екенін есте сақтаңыз!

"Вкураже" тобы - 1

Еламан Аяғанов - 2

Әділхан Макин - 4

In coro - 5

Жансұлтан Жұмағалиев - 6

Дильнұра Біржанова - 7

Twice - 9