Нағима Есқалиеваны көз жасына не жеткізе алады?

"Орындықтар" кезеңі ең күрделі және эмоцияға бай. Әрбір қатысушы осы орындықта қалуды армандайды және олардың әрқайсысы бұл орынды жоғалтып алуды қорқады.

Орындықтар тек бес, ал үміткерлер көп. Байқау қатысушылары біледі, егер Нагима Хабдуловнаға қойылым ұнаса, ол әрдайым жылайды.

Нағима Есқалиева: "Менім жүрегімді жақсы композициямен дұрыс таңдалған ән ғана жұбатады. Бұл бәріне де белгілі. Маған қойылым ұнады ма ұнаған жоқ па анықтауға өте оңай".

Дильназ Ахмадиеваға қатысушының орындауы ұнаса оның денесінде "құмырсқалар" пайда болады.

Дильназ Ахмадиева: "Адам келеді да бүкіл кеңістікті өзімен толтырды. Энергия, харизма, вокал. Осындай адамдар өте сирек кездеседі. Мысалы, қатысушы келіп, қандай да бір қарапайым ән шырқайды, бірақ ол мүлдем вокалдық емес болса да ол сахнаға өз жанын береді. Өзінен өткізіп, сені, жүрегіңнің орындауымен жаулап алады. Ән таңдауы дұрыс емес болғанына қарамастан, адам тіпті өте жақсы және кәсіби материал таңдамасада, бәрі бір ол өз қабілетін көрсете алады. Міне, осындай сәттерде денемде "құмырсқалар "пайда болады!"

Нұрберген Махамбетов қазылар алқасының ең мықты мүшесі болғанына қарамастан, оны да жылата алатын бір ән табылды.

Нұрберген Махамбетов: "Әрқашан қатысушылар бұл әнді орындаймыз деп жариялаған сәтті мен қорқынышпен күтемін. Орамал, майлық дайындауды бастаймын, өйткені бұл әлемдегі менім жүрегімді жұбататын жалғыз композиция, ал егер ол жақсы орындалса мен өз эмоцияларымды ұстай алмаймын".

"Орындықтар"кезеңінде Нұрбергенге қандай ән осындай әсер беретінін білесіздер. Әр сенбі күні сағат 19:50-де Бірінші Еуразия арнасында "Х-фактор" жобасының шығарылымын тамашалаңыздар.