Дильназ бен Нұрбергеннiң "Орындықтарын" кім алады

Нағима Есқалиева бес үздік топты таңдап алды. "Х-фактор" жобасының келесі кезеңіне өткендер енді тәлімгердің үйінде, Халық әртісі мен оның шақырылған қонағының алдында өнер көрсетеді. Нағиманың санаты ең маңызды оқиғаға дайындалып жатқанда, басқа екі санат уайымға толы. Өйткені, Нұрберген де, Дильназ да әлі өз таңдауын жасаған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрбергеннің санатында қазір 11 адам – Әйгерім Айтпаева, Жансұлтан Жұмағалиев, Әйгерім Дүйсенбекова, Гузаль Байматова, Ерлан Байбазаров, Айнұр Әбдиева, Татьяна Беспалова, Яков Демиденко, Алма Құсайынова, Арғын Аусаров және Асылбек Құрманов. Таңдау қиын болуы мүмкін. Келесі кезеңге тек 5 адам өтуі керек.

Дильназ Ахмадиева таңдау жасап, тек бес қатысушы қалдыру қажет. Оның санатында "орындықтар" кезеңіне 15 адам өтті. Көп бөлігі үйге кетеді. Бекболат Жазықпаев, Жұмабай Әбіл, Ділнұра Біржанова, Жанна Жекей, Әділхан Макин, Зарина Нұржанова, Әнел Дүйсебекова, Қуаныш Әбжапар, Бәйтерек Ерманов, Дарина Мағауина, Еламан Аяғанов, Айдана Жәлелова, Марал Жұматова, Наргиз Құдренова және Нелля Даукаева. Кімді Дильназ келесі кезеңге өткізеді, ал кімді үйге жібереді?

Әр сенбі сайын "Х-фактор" жобасының шығарылымын Бірінші Еуразия арнасынан көріңіздер.