Дильназдың алғашқы жоғалтуы!

Бесінші финалдық концертте жобаның қатысушылары рок және рок-н-рол жанрындағы әндерді орындап шықты. Осы сәтте көрермендер мен тәлімгерлерге жас әншілерді ерекше бейнеде көруге бірегей мүмкіндік берілді. Мысалы, Земфираның «Искала» әнін орындаған Ділнұра Біржанова өзін батыл және нағыз рок-әнші ретінде ұсынды. Аділхан Макин сахнаға Элвис Преслиге еліктеп ақ костюммен шығып, 50-ші жылдардың әнін орындады. Ал өз әнімен рок-н-ролға деген суйіспеншілігін танытқан Еламан Аяғанов концертты жапты. Жансұлтан Жұмағалиев өз әнін «Queen» тобының көшбасшысына Фредди Меркьюриға арнады. «Богемская рапсодия» деген өлен залдағы букіл көрермендерді бей-жай қалдырмады. Ал Нағиманың санатындағы «In coro» тобы сахнаға күтпеген түрде шығып «Linkin park» музыкалық ұжымының әнін шырқады. Ең ыстық және керемет концерт көрермендердің жүрегінде өшпес із қалдырды. Барлығын таң қалдырған қатысушылардың бейнелері әлі күнге дейін әлеуметтік желілерде талқылануда. Әр қатысушы көрермендердің ғана емес, қазылар алқасының жүрегінде де ұзақ уақытқа есте сақталуға тырысты. Өйткені бұл жолы «қауыпты аймақ» соңғы рет болды. Және қазылар алқасы өз шешімімен қатысушылардың бірін соңғы рет құтқаруға мүмкіндіктері болды. «Қауыпты аймаққа» Еламан Аяғанов және Аділхан Макин түсті. Еламан «қауыпты аймаққа» алғашқы рет тап болды, ал Аділхан болса үшінші рет. Екі қатысушы өз құтқару әндерін орындап тәлімгерлерінің шешімін күтті. Қазылар алқасына ең үздік әншіні таңдап алуға қажет болды. Нағима Есқалиева өз дауысын Аділхан Макинге берді. Нұрберген Махамбетов осы жолы Еламан Аяғановты қолдады. Бірақ ең соңғы шешімді екі қатысушының тәлімгері Дильназ Ахмадиева қабылдады. Ол жобада Еламан Аяғановты қалдырды. Келесі концертте қатысушылар «ABBA» тобының әндерін орындауға дайындалып жатыр. Осыд кезден бастап «қауыпты аймақ» болмайды. Енді қатысушыларадың тағдырын теқ қана көрермендердің дауыстары шешеді. Әр сенбі сайын 3075 нөміріне смс жіберіп өзіңіздің суйікті қатысушыңызды қолдаңыз! Еламан Аяғанов - 2 In coro - 5 Жансұлтан Жұмағалиев - 6 Дільнұра Біржанова - 7