Финал алдындағы соңғы кезең! Әр тәлімгер екі адамды алып тастайды!

Қатысушылар мен әділқазылар алқасы үшін ең күрделі кезеңдердің бірі артта қалды. Финалдық концерттерге дейін аз уақыт қалды. Бірақ алда тағы бір -"төрешілер үйі" деген кезең бар.

Дильназ Ахмадиеваның қала сыртындағы резиденциясына Әділхан Макин, Наргиз Кудренова, Зарина Нұржанова, Еламан Аяғанов және Дильнұра Біржанова шақырылды.

Нагима Есқалиеваның уйіне "In coro", "Twice", "Sunshine", "Вкураже" және "Fire band" топтары барады.

Нұрберген Махамбетов өзінің бестігін анықтады. Ерлан Байбазаров, Татьяна Беспалова, Асылбек Құрманов, Айнұр Әбдиева және Жансұлтан Жұмағалиев тәлімгердің алдында өз әндерін орындайды.

Әр санаттан финалға тек уш адам өтеді. Бұл кезеңде қатысушылар өздерін тағыда сынап көреді. Оларға тәлімгердің және шақырылған қонақтың алдында ән шырқауға тура келеді.

Судьяларға шешім қабылдауға кім көмектеседі? Финалға бір қадам қалғанда арманмен қоштасуға кімге тура келеді? Финалға кім өтеді және 7 000 000 теңге үшін күресті кім жалғастырады?

"X-Factor" жобасын әр сенбі сайын Бірінші Еуразия арнасының эфирінде тамашалаңыздар.