1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Ережеде пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар:

Ұйымдастырушы - жобаның барлық Дауыс беру кезеңдеріне және төменде аталған шарттарға жауапты заңды тұлға ЖШС "Евразия + Орт".

Телеарна - "Бірінші Еуразия Арнасы"

Аумағы – Қазақстан Республикасы

Дауыс беру жеңімпазы - "Х Factor" жобасының жеңімпаз болып танылатын қатысушысы, осы Ережеге сәйкес, жобаның бас жүлдесін - 7 000 000 теңге алуға құқылы.

Ұялы байланыс операторы (СС операторы) – ЖШС "GSM Kazakhstan ААҚ “Казақтелеком"-ның K`cell, ActiV сауда маркалары, ЖШС "КаР-Тел"-дың Beeline сауда маркасы және ЖШС "Мобайл Телеком-Сервис"-ның Tele2, Алтел сауда маркалары.

Қатысушы (Пайдаланушы) - жоғары көрсетілген ұялы байланыс қызметтерінің қолданушысы болып табылатын кез келген әрекетке қабілетті жеке немесе заңды тұлға.

Дауыс беру 2018 жылы 10 қараша мен 29 желтоқсан аралығында өткізіледі.

Дауыс берудің басталуы мен аяқталуы "Бірінші Еуразия" арнасындағы "Х Factor" жобасының финалдық концерттерінің эфирлерінде жарияланады.

Дауыс беруге арналған қатысушылардың реттік нөмірлері:

Қатысушы Санат Дауыс беру реттік нөмірі Нөмірге жіберу
1 Вкураже Топтар 1 3075
2 Еламан Аяғанов Кіші 2 3075
3 Айнұр Әбдиева Ересектер 3 3075
4 Аділхан Макин Кіші 4 3075
5 In Coro Топтар 5 3075
6 Жансұлтан Жумағалиев Ересектер 6 3075
7 Дільнүра Біржанова Кіші 7 3075
8 Ерлан Байбазаров Ересектер 8 3075
9 Twice Топтар 9 3075

1.1. Ұнаған қатысушыға дауыс беру үшін пайдаланушы СС операторлары бойынша 3075 қысқа сервистік нөміріне қатысушының реттік санын SMS-пен жібереді.

1.2. SMS-жауап хабарламасында абонент келесі ақпаратты алады: Рахмет! Сіз ХХХ қатысушыға дауыс бердіңіз.

1.3. Егер дауыс беру белсенді болмаса, SMS-жауапта пайдаланушыға "Дауыс беру аяқталды!" деген хабарлама келеді және келесі кезең өткізілетін күн туралы ақпарат түседі.

1.4. 1 хабарламаның құны барлық СС операторлары бойынша (12% ҚҚС есебімен) пайдаланушы үшін 150 теңгені құрайды.

1.5. Дауыс беру осы Ережеде көзделген тәртіп және шарт бойынша жүргізіледі.

1.6. Пайдаланушы осы Ережелерде белгіленген шарттар мен өз әрекеттерінің салдарын түсінеді.

1.7. Пайдаланушы дауыс беру процесіне кірісе отырып, осы Ережелермен міндетті түрде келіседі.

1.8. Осы ережелер сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.